Жедел жәрдем көлігі арқылы бір айда 8 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелген
Көкшетауда жедел жәрдем көлігінде жол қозғалысын бақылайтын жүйе сынақтан өтуде. Оның көмегімен бір айда 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Алайда жүйе әзірге тек талдау режимінде жұмыс істегендіктен, айыппұл салынбайды. Жиналған деректер проблемалық учаскелерді анықтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Әзірге тек бір көлік Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен, заманауи камералар және радармен жабдықталған.
Көкшетау қаласы бойынша жедел жәрдем станциясына тәулігіне шамамен 130 шақырту түседі. Сондықтан көмекке асыққанда жүргізушілер бізге жол беруді әдетке айналдырса екен, дейді станция қызметкерлері.
Исатай Бейімбетов, Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкері:
Қазіргі таңда бір автокөлікке қойылды пилоттық жоспар бойынша. Соның өзінде жақсы нәтиже беруде. Әрі қарай осы пилоттық бағдарлама іске асып, барлық автокөліктерге қойылса, мына жедел жәрдемге жақсы көмек болар еді. Өте ауыр науқастар болады. Оларды жылдам алып бару керек болады. Сол кезде қатты көмегін тигізеді.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00