Орта Азияда сирек жасалатын зерттеу әдісі Қазақстанда жүргізіледі
Бұл - бейнекапсуланың көмегімен баланың асқазан-ішек жолдарына диагностика жасау тәсілі. Балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, көбінесе түрлі ауырсыну белгісі бар, алайда дерті нақтыланбай жатқан науқас балалар осы әдіспен тексеріледі.
Гүлнәр Құлышева, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры:
Зерттеулердің нәтижесі болмаған жағдайда баланы отаға алмау үшін бейнекапсула арқылы диагностика жасаймыз. Кішкентай капсуланы бала жұтады. Оған холдер кигізеді, бір тәулік жүреді. Одан кейін бүкіл ішкі құрылысын көре аламыз. Содан кейін ғана диагноз қоямыз.
Капсулалық эндоскопиядан өткен науқас баланың ең кішісі 1,5 жарымда. Бұл әдістің көмегімен мамандар крон ауруы мен жаралы колит сияқты қауіпті дерттерді ерте анықтаған. Теңдессіз зерттеу әдісін өзге өңірлерге де еңгізу үшін балалар ауруханасының мамандары шеберлік сағаттарын өткізген. Енді капсулалық эндоскопия Астанадан бөлек, Көкшетау, Қарағанды қалалары мен Шығыс Қазақстан облысында да жасалмақ.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20