Абай облысында Амал меркесі тойланып жатыр
Абай облысында Амал меркесі тойланып жатыр. Жаңару мен бірлікті, салт-дәстүрді паш еткен мерекеде «Елден сәлем» мәдени жобасы қолға алынды. Өңірдегі аудан жұртшылығы бір-біріне қонаққа барып, әдет-ғұрыпты, өнерді ұлықтады. Мысалы, Абай ауданында Ақсуат ауданының мәдени күндері басталды. Ұлы ақын еліне келген меймандарды абайлықтар салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, өңірдің дамуын талқылады. Мұндай келелі жиын өзара ынтымақты арттырып, әлеуметтік-экономикалық байланысты жандандыра түседі. Бұл күні «Ауыл дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Сондай-ақ Абайдың 180 жылдығына арналған гала-концерт өтті.
Қайырлы Қасенов, облыстық мәслихаттың депутаты:
Көрісу күнімен құттықтаймыз. Бұл - жақсы мереке. Бұл мереке қазір Ақсуат ауданынан, Абай ауданына қал сұрасып, көркем өнерпаздарымыздың әндерімен, жыр шашуларымен келіп жатқан жайымыз бар.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03