Түркістан мен Шымкент жұрты амал мерекесінде қауышты
Бұл - үш жүздің басын қосқан оңтүстіктегі, Ордабасыдағы амал мерекесі. Түркістан облысы мен Шымкенттің жұртшылығы бір бірімен қауышып, арқа -жарқа болды. Өңірде күн жылы, көктем келіп, жер ана бусанған сәтте ауылы аралас, қойы қоралас жатқан екі өңірдің тұрғындары өзара ынтымақ-бірлігін паш етті. Түркістанның халқы қоржынға салған сый-сыяпаттарын ұсынса, ордабасылықтар ұлттық тағамдардардан дастархан жайды. Ер азаматтарға жаппай қазақы тақия таратылып, әжелерге ақ жаулық, орамал жапты. Осылайша жастар үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдірді.
Айзада Әріпханқызы, Ордабасы ауданының тұрғыны:
Қазір әлемде 300 млн-нан астам адам осы Көрісу амалын тойлайды екен. Міне бүгінгі көрісудің өзі де айтып тұр, қыстан аман-есен шығып, күллі тіршілік тіріліп жатқан кез. Жер ана табиғат жылып жатқан кез. Бір-біріне деген адал ниетті білдіретін сондай дәстүріміз көрісу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00