Ұлттық құрылтай: Ауылдарда ерекше балаларға арналған орталықтар көбейеді
Ұлттық құрылтай – мәселенің нақты шешу жолын ұсынатын ықпалды алаңға айналды. Бурабайда өткен жиында Мемлекет басшысы мен құрылтай қатысушылары елді алаңдатқан елеулі түйткілдерді басты назарға алды. Мәселен әр облыс, аудан орталығында, елдімекендер мен ауылдарда балалар футбол алаңдарын жабдықтау, балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру, ономастикалық жұмыстың бірыңғай ережесін бекіту сынды Президент тапсырмалары көптің көкейіндегі қалауларын дөп басқандай.
Нұрсәт Абаев, қала тұрғыны:
Ерекше балаларға көп көңіл бөлуіміз керек. Бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қозғалып жатыр. Сондықтан тек облыс орталықтарында емес, аудандарда, ауылдарда шағын орталықтарды көбейту керек.
Жаннетта Қалимолдина, оқытушы:
Былтыр да құрылтай да көтерген мәселе - елдімекенге атау беру мәселесі. Жалпы қазіргі таңда біз өткен тарихымызға қатты маңыз беріп жатқанымызбен тарихи фактілерге сүйенуге көп мән бере бермейміз. Көбі жергілікті халықтың келісуімен ғана сол адамның атын берейік дейді. Бұл жерде ғалымдардың пікірімен де санасу керек. Осы тұрғыда ел Президентінің бастамасын қолдаймын. Себебі кез келген ғылымның негізі түпдерек.
Қырмызы Жаңбыршина, қала тұрғыны:
Торғай халқын дүр сілкіндірген жағымды жаңалық болды. Бұл жолдың салынуы Торғай өңірінің дамуына тың серпін, тың қарқын береді. Қазақта жақсы сөз бар «Елі бегіне, бегі еліне сенгенде мәңгі болады» деген. Сондықтан билік пен халықтың арасындағы байланыс үзілмесін!
Оралхан Дәуіт, жазушы, журналист:
Көне Тараздың келбетін қайта қалпына келтіру керек, сол арқылы туризм мәселесін дамыту керек деп өте орынды айтты. Негізі туризм арқылы қаржы көздері келеді. Одан кейін қаламыздың келбеті өзгереді. Қала өзінің көне тарихын түгендейді, өзінің экономикасын да дамытады деп ойлаймын.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00