Абай облысында мәдениет және Ұлттық салт-дәстүр күні тойланды
Абай облысында Наурызнаманың он күндігі шеңберіндегі шаралар кең көлемде өтіп жатыр. Бүгін Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр мерекесі Семейдегі мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Қаладағы өнер ұжымдары келушілерге ұлттық құндылықтарды насихаттады. Дәстүрлер тереңірек таныстырылып, ұлттық ойындар мен салт-жоралғылар жасалды. Абай әндері әуелеп, жарапазан айтылды. От ауызды, орақ тілді ақындар айтысып, жұрттың делебесін қоздырды. Спорттық ойындардан мықтылар сынға түсіп, көпшілік ұлттық киімдер көрмесін тамашалды.
Дәулет Сметов, Халықаралық ақындар мен жыршы-термешілер одағы филиалының төрағасы:
Енді келіп жатқан жаңа жылымыз біздің мемелкетімізге, Қазақ еліне, даласына жақсылық алып келсін. Береке – бірлік, татулық, ынтымақ, жасампаздық алып келсін. Мынау ел басқарып отырған азаматтарымызға күш-қуат беріп, халық игілігі жолында, халық мәдениеті жолында, салт – дәстүр, сана жолында аянбай тер төге берсін.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16