Алматыда суретші Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме өтті
Жүргізуші: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды.
Шара Өзбекстан Республикасының Мәдениет және өнерді дамыту қорының және Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Экспозицияда суретшінің ерекше стилін, шығармашылық мұрасын және ұлттық кескіндеменің дамуына қосқан үлесін көрсететін 74 туынды ұсынылды.
Шараның ашылуына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева, екі елдің жазушылары, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Өз сөзінде Аида Балаева Орал Тансықбаевтың өнері екі елдің халқын жақындастырып, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосқанын атап өтті.
Орал Таңсықбаевтың мерейтойына арналған көрме маусым айына дейін жалғасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00