Грекияда қазақтың мәдениеті насихатталды
Наурыз мерекесіне орай Грекияда қазақтың бай мәдени мұрасы таныстырылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі Афина қаласының тарихи орталығы Акрополь жанында мерекелік шара ұйымдастырды. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақстандық студенттердің концертін тамашалап, асық атудан өзара сайысқа түсті. Қонақтар қазақ киімдерінің көрмесін көріп, көздің жауын алатын қамзол-шапандарды киіп, естелік суретке түсті. Сондай-ақ шетелдіктер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың аспаздық мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.
Тимур Сұлтанғожин, Қазақстанның Грекиядағы елшісі:
Афинада көптеген байырғы қазақстандық гректер, отандастарымыз тұрады және мұнда турист те көп. Жергілікті тұрғындар мен туристерді Қазақстанның бай мәдениетімен, музыкалық дәстүрімен таныстырып, ұлттық тағамдарымыздан дәм татуға мүмкіндік беру үшін осы шараны ұйымдастырдық. Олар Қазақстан туралы көбірек білсін деп елімізге сапарлауға шақырып жатырмыз.
Макис Пандзопулус, 2012-2016 жылдары Грекияның Қазақстандағы елшісі:
Мен 2012-2016 жылдары Грекияның Қазақстандағы Елшісі болдым. Қазақстан мен оның халқына қатысты тамаша естеліктерім көп. Сондықтан, бұл шара мен үшін ыстық. Әдемі әрі қонақжай елдің, ұлттың мәдениетін, тағамдарын таныстыру бастамасын жоғары бағалаймын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06