Алматы әкімі: 150 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады
Алматыдағы «Ақсай» су жинағыштың құрылысы аяқталған соң 150 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Нысанды тапсыру осы жылдың қараша айына жоспарланған. Қазір жұмыстардың 80%-ы аяқталған. Күн жылынған соң су жинау орталығына апаратын көпірлер мен жолдардың құрылысы жалғасады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін Алматы қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Барлық қажетті қаражат бөлінді. Мердігер компания кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Мерзімінде аяқтауы тиіс. Қараша айында нысанды тапсырады. Осылайша, қаланың батыс бөлігі мен Алматы облысының бірнеше елдімекені сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00