Құрылтай: Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеру керек
Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген байыпты бастамалар қызу талқыланып жатыр. Алқалы жиында ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлерді дамыту сынды тақырыптар қозғалды. Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер туралы тұрғындар не дейді?
Алматы қаласының тұрғыны:
Ұлттық құрылтайда Президентіміз алаяқтықпен күресу керектігін айтты. Мен осы мәселеге келісемін. Өйткені интернеттегі алаяқтар көбейіп кетті. Сондықтан халқымыздың цифрлық сауаттылығын арттыруымыз керек. Алаяқтардан зардап шеккендер қатары көбейіп барады.Алматы қаласының тұрғыны:
Қазіргі таңда аферистер көп. Оны әлеуметтік желіде күнде көріп жүрміз. Аз-маз ақша үшін жарнама жасайды. Оған қарапайым адамдар сеніп қалады. Президент коучтар, интернет-алаяқтар туралы Құрылтайда айтқан пікіріне мен де қосыламын.
Алматы қаласының тұрғыны:
Президенттің Құрылтайда халыққа айтқан негізгі мәселелерінің бірі - негізі бюджет әлеуметтік салаларға жұмсалуы тиіс дегенін дұрыс деп есептеймін. Мемлекет медицианың, мәдениеттің дамуына күш жұмсауын тиіс. Жастар мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00