Өзбекстан келесі көктемде АЭС сала бастайды
Өзбекстанда шағын АЭС құрылысы келер жылдың көктемінде басталуы мүмкін. Жоба құны шамамен 2 млрд доллар. Бұл туралы «Өзатомның» басшысы хабарлады. Агенттік басты назарды артық шығындарды қысқартуға аударған. Соның арқасында 300 млн доллардай үнемделді. Ал құрылысқа француз немесе қытай технологиясы қолданылады деген жоспар бар. Оны қаржыландыру мақсатында Қытайдан жеңілдетілген несие алу жоспарланып отыр. Мемлекеттік бюджет қаражатын мейлінше аз пайдалану көзделген. Құрылысшылар қалашығын салу үшін дайындық жұмыстары қатар жүргізілуде.
Айта кетейік, Өзбекстанда қуаты 330 МВт болатын АЭС салу бойынша келісім өткен жылы мамырда жасалған.
Отабек Аманов, «Өзатом» агенттігі АЭС құрылысы дирекциясының директоры:
АЭС құрылысын бастау үшін жөндеу-механикалық шеберханалары, арнайы техникаға арналған гараж бен арматура цехы сияқты қажетті нысандар салынуы керек. Бетон араластыру құрылғыларын орнату ісі тағы бар. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастамас бұрын кешенді дайындық жүргізіледі.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04