Ведомстволық марапаттар мен өңірлік нышандарды біріздендіру мәселесі талқыланды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ведомстволық марапаттарға қатысты нақты ереже мен ортақ мәліметтер қоры жоқ екенін айтып, оны ретке келтіру қажет деді. Сол секілді Мекемелік марапаттардың да бірыңғай стандарты мен тізімін жасауды тапсырған. Осыған орай Геральдикалық зерттеулер орталығы өңірлердегі Ішкі саясат басқармасының өкілдерін жинап, екі күнге жалғасқан республикалық семинар өткізді. Жиында мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасы және оларға қатысты заң талаптары, ұлттық сандардты сақтау, адал еңбек иелерін марапаттау мен өңірлік нышандарды біріздендіру мәселесі талқыланды.
Шерхан Талап, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының міндетін атқарушы:
Біздің семинарымыздың негізгі мақсаты - мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың қолданылу тәртібі, ұлттық стандарттау мәселесі, одан бөлек ведомстволық наградаларға байланысты жүйелеу және өңірлік нышандарды біріздендіру мәселесі. Біз екі күн бойы барлық өңірлік әкімдіктің қатысуымен осы мәселелерді кеңінен талқылап, алдағы жобарларды, мақсаттарды айқындадық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда бір топ адам баспаналы болды
06.08.2026, 13:27
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі сотталды
06.08.2026, 13:21
БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
06.08.2026, 13:18
Шымкентте үштегі бала терезеден құлап, мерт болды
06.08.2026, 13:15
Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
06.08.2026, 13:12
Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 13:09
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
06.08.2026, 13:06
Сайлау учаскелерінің дайындығы тексеріле бастады
06.08.2026, 13:03