ҚР СІМ: Таиландта 4500-ге жуық отандасымыз жүр
Қазір зілзала болған аймақ Таиландта 4,5 мыңға жуық отандасымыз жүр. Барлығы елшілікпен байланыста. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Жер дүмпуінен кейін арнамыздың тілшілері сол елде жүрген отандастарымыздың бірімен байланысқа шыққан еді. Тимур Чунчалиновтың сөзінше, жер сілкінісі қатты сезіліп, қауіпсіз орындарды паналауға мәжбүр болған.
Тимур Чунчалинов, Паттайя қаласының тұрғыны:
Мен қазір Паттайя қаласында тұрып жатырмын. Жер сілкінісі 200 шақырым жердегі Бангкокте болса да, дүмпуді екі-үш рет сезіндік. Бангкокта сілкініс қатты болды. Білуімше, адамдар әлі де сыртта жүр. Мен тұратын қалада қазір жағдай тұрақты. Көлік қозғалысына шектеу жоқ. Бірақ ұшақтар ұшпай жатыр.
Ал Таиландта демалуды жоспарлап, туристік пакет сатып алған саяхатшылардың қаржысы қайтарыла ма? Табиғи апатқа байланысты сапар мерзімін шегеруге бола ма? Туристерді мазалаған сауалдарға «Туристік қамқор» қорының өкілі Инна Рей былай деп жауап берді.
Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:
Егер әуежай жұмысын тоқтатып, ұшақ ұшпай жатса, онда алдымен туристерден ұшу уақытын басқа күнге ауыстыруды сұраймыз. Ал турист сапардан бас тартқан жағдайда шығындар толығымен қайтарылады. Қазір курорттық орындарда жағдай тұрақты. Туроператорлар Таиландтағы жағдайды жіті бақылап, оларға қажетті ақпаратты беріп, қолдау көрсетіп жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00