Ресейде белгісіз вирус өршіді
Ресейде белгісіз вирус өршіді. Қазірдің өзінде 20-ға жуық өңірде індет тіркелген.
Индира Бегайдар, тілші:
Бұл вирус желтоқсанда таралған микоплазмалық пневмонияға ұқсас, дейді дәрігерлер. Қазір Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ауруханалар 80 пайызға толған. Мамандардың айтуынша, тағы екі аптада науқастарға орын болмауы мүмкін.
Александр Артюнов, дәрігер:
2008 жылдан бастап вирустар көз ілпеспес жылдамдықпен мутацияға ұшырауда. Әрине бұл вирустарға қарсы адам ағзасында иммунитет қалыптаспаған, сондықтан оны зерттеуге, емдеуге біршама уақыт кетеді. Бұл індет те сол вирустардың өзгеріске ұшыраған түрі болуы ықтимал. Тіпті кейде бір айда екі рет өзгереді. Жаңа штамдардың саны әлі де артады.
Ауру белгілері барлық адамда бірдей: бастапқыда әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі. Өкінішке қарай, науқастар қандай дәрі, антибиотик қабылдаса да, әсер етпейді. Сондықтан мамандар қоғамдық орындарда қайтадан маска тағуды міндеттеуді ұсынып отыр. Эпидахуал өрши түссе, вакцина егуді бастамақ. Бүгінгі күні Ресейде коронавирус және түрлі мутацияға ұшыраған вирустарға қарсы иммунитет қалыптастыратын 10-нан аса вакцина шығарылған.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13