«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда
«Бұлақ көрсең, көзін аш!». Абай облыстық Жастар ресурстық орталығы осындай атпен экологиялық сенбілік өткізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенділер Күшікбай бұлағының маңын тазалады. «Семей-Қарауыл» бағытындағы тасжол бойындағы бұлақ ел арасында киелі саналады. Қысы-жазы қатпай ағатын бұлақтан өткен-кеткен жолаушы түгел тоқтап су ішеді. Оның үстіне тарихи мекенде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаған Күшікбай батыр қорымы бар. Акцияға қатысқан жастар, студенттер мен тұрғындар қыс бойы ластанған киелі бұлақ маңын қоқыстан тазартып айнадай етті.
Өрлеубек Ерсінбек, «Абай» жастары» жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі:
Қаламыздың, өңіріміздің тазалығына үлесімізді қосайық. Әр адам келгеннен кейін өз қоқысын жинап немесе өзімен бірге алып кетсе дегіміз келеді. Осындай келеңсіз жағдайлар, қоршаған ортамыздың ластануы болмайды. Сондықтан айналамызды күтіп қарайық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17