Анталияда қар жауды
Түркияның Анталия провинциясында қар жауды. Анталия мен Кония қалаларын жалғайтын тас жолдың бойындағы Алашабел асуы қар құрсауында қалды. Түнгі сағат он бірлер шамасында басталған қар бірнеше сағат тоқтамай жауып, оның қалыңдығы кей жерлерде 30 сантиметрге дейін жетті. Мұндай тосын ауа райын күтпеген көптеген жүргізуші жолда қалып, қарға батып қалған көліктерді құтқарушылардың көмегімен ғана шығарып алды. Арнайы қызметтер бірнеше сағат жол тазалап, мұз қатқан жерлерге тұз септі. Өткен аптада ғана жаз мезгіліндей ыстық болып тұрған Анталияға кенеттен қар жаууы ғаламдық жылынудың әсері, дейді мамандар.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04