Мьянмада бір апта ұлттық аза тұту жарияланды
Мьянмада жойқын зілзаладан 2 мыңнан астам адамның қаза табуына байланысты бір апта ұлттық аза тұту күндері жарияланды. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Мин Аун Хлайн мәлімдеді. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Соңғы ақпаратқа сай, жер сілкінісі кезінде 3900-ден астам адам жараланған. 270 тұрғын хабар-ошарсыз кетті. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Тұрғындар дүмпу қайталануы мүмкін деген қауіптен түнді ашық аспан астында өткізген. Мьянмада қуаты 7,7 балдық зілзала 28 наурыз болды. Дүмпу эпицентрі 1,5 млн адам тұратын Мандалай қаласынан 17 шақырымда анықталды. Зілзала көршілес Таиландты теңселтіп, 18 адам қаза тапқан.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04