Филолог: Ә.Шәріпов соғыс шындығын қазақ әдебиетіне алып келді
Жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әди Шәріпов шығармалары сонау зұлмат жылдар туралы сыр шертеді. Майдангерлердің жауынгерлік ерлігін көрсете білді.
Оның әдебиеттегі бейнелері ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда осылай дейді. Әди Шәріпов ұлты үшін күресте кері шегінген емес. Соғыс басталған жылы-ақ майданға аттанып, Беларусь жерінде партизан отрядтарының құрамында болып, кейін Смоленск штабында жұмыс істеген. Қиян кескі ұрыста қалам мен қаруды қатар ұстады. Жазушы «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар» шығармалары арқылы соғыстың қасіретін шынайы бейнеледі.
Гүлжаһан Орда, филология ғылымдарының докторы:
Беларусь ормандарының әрбір бұтасы бізге қорған болды дейді. Кейін бейбіт өмірде Әди Шәріпов Беларусь ормандарының әрбір бұтасына жан бітіріп, оны қазақ әдебиетіне алып келді. Бәрін майдан даласында жүргенде қойын дәптеріне, күнделігіне қай қалада, қай жерде соғыс болғанын жазып отырған. Елге оралғаннан кейін хатқа түскен деректерді шығарма ретінде ұсына бастады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12