Грек қызы қазақ әндерін сахнада шырқап жүр
Павлодардағы этномәдени бірлестіктер қазақ халқының өнерін дәріптеп, биыл кем дегенде бес ән мен күйді үйренуді мақсат еткен. Гректердің «Эльпида» ұлттық орталығының жетекшісі Юлия Гумметқызы осы уақытқа дейін 40 тан аса ән жаттаған. Сахнада нақышына келтіре орындап жүрген талант иесі қазір көпшіліктің көзайымына айналған. Бірінші сыныпта оқып жүргенде –ақ «Қазақ қызы» әнін тыңдап, қазақ әуендеріне деген сүйіспеншілігім оянды дейді ол.
Юлия Гумметқызы, «Эльпида» облыстық Грек этномәдени орталығының жетекшісі:
Қазақ әйеліне, қазақ аналарына деген сүйіспеншілікті Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы ән арқылы мен жүрегіме жазып алдым. Ол кезде бірінші сыныптағы баламын ғой. Теледидардан көргенде тез жаттап алып өзімше шырқай бастадым. Әрине үлкендер таң қалды бұған. Ал, қазір көбіне дәстүрлі әндерді айтуға тырысамын. Себебі «Достық» үйінде халықтық фольклор, халық әндері орындалғаны абзал.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16