Павлодар облысында үй жануарларын есепке алу бәсеңдеп қалды
Павлодарда ит пен мысықты есепке алып, чип салу бәсеңдеп қалды. Ал жаңа заң күшіне енген 2023 жылы тұрғындар вет-аптекаларда кезекке тұрған еді. Негізі чип - бұл жануарлардың электронды төлқұжаты. Оны салдырудың еш зияны жоқ және ортақ базаға иесі туралы мәлімет қоса енгізіледі. Қандай екпе алғандығы да сол чип арқылы оқылады. Яғни, осы құжат арқылы жоғалса табылып, ауырса емделеді. Бірақ былтырдан бері «Таңба» жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне тіркелушілер сап тыйылған. Бұл мақсатқа бюджеттен бөлінген 55 млн теңге қаржының осы күні тек 20 пайызы ғана игерілген.
Ғалым Бейсенов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Халықтың арасында бір пікір шықты. Ертең артымыздан салық келеді, жауапкершілік келеді деген. Одан кейін халық кішкене келмей қойды. Қазіргі таңда қала бойынша иттерді, мысықтарды чиптеу 5-6 мың теңге арасында, халықтың осал топтарына Үкімет тарапынан тегін жасалады. Оны өзіміздің ветстанция жасайды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17