Павлодар облысында кезекте тұрғандарға баспана берілмеген
Павлодар облысының Железин ауданында 200-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Ал әкімшілік соларға деп мемлекет қаржысына салынған 65 үйді ешкімге үлестірмей, есігін құлыптаулы күйі қалдырған. Тіпті жетім балаларға тиесілі үйлерді мұғалімдерге беріп, мемлекеттік қызметкерлерге кезектен тыс пәтер үлестірген. Заңды белден басқан қызметкерлер жеңіл жазамен құтылған дейді тексеру жүргізген прокуратура өкілдері.
Ерлан Төлеков, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
Баспанаға мұқтаж адамдарды алдымен қамтудың орнына өз беттерінше әрекет жасаған. Мысалы Мыңкөл ауылында 4 үй бос тұр. Ал сол жердің бес тұрғыны пәтер күтіп жүр. Олардың ішінде жетім балалар, мүгедектер және көпбалалы отбасы бар. Ал осыған жүрдім-бардым қараған аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысына Мемлекеттік қызмет департаменті жанындағы этика жөніндегі кеңес қызметіне толық сай емес деген ескерту жасаумен шектелді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17