Шерзат Полаттың ісі бойынша сот басталды
Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты жүргізіп жатыр. Сот отырысынан әріптесім Қуан Нұрақын ақпарат беру үшін бізбен тікелей эфирге қосылуға дайын. Қуан, сот неліктен Талдықорғанда өтіп жатыр? Сот отырысына кімдер қатысып жатыр?
Қуан Нұрақын, тілші:
Иә Оксана, қоғам назарын аударған алғашқы сот отырысы қазір өтіп жатыр. Сот төрағасы процестің ашық өтетіні туралы шешім шығарды. Яғни Жоғары соттың ютуб каналынан көруге болады. Сот залына 9 айыпталушы жеткізілді. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеудің барысы және қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған. Ал істің не себепті Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында өтіп жатқанын Жоғары соттың өкілі былай түсіндірді.
Перизат Сәдуақас-Хайруллина, ҚР Жоғары соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі:
Сотқа дейінгі тергеу орыны облыстық полиция Департаменті болады. 9 айыпталушы Талдықорған қаласында орналасқан тергеу изоляторында ұсталған. Соған сәйкес осы жердегі ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа өткізу туралы шешім қабылданған.
Еске салайын, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған болатын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04