Жамбыл облысында кәсіпкер жерді заңсыз иемденген
Жамбыл облысында кәсіпкер жер телімін заңсыз иемденіп, карьерге айналдырған. Серіктестік басшысы шағал тас шығаратын кәсіпорнын кеңейтпек болып, 3,7 га аумақты заңсыз игерген.
Сондай-ақ тексеру барысында тыйым салынған жер қабаты бүлінгені анықталды. Кәсіп иесі шағал қазуға қатысты тиісті талапты бұзып, 2 метрге тереңдеп кеткен. Салдарынан жердің су қабатына нұқсан келіп отыр. Сондай-ақ мал жайылымын да қазып, шаруалардың өрісін тарылтқан. Жамбыл ауданы тұрғындарының арызынан кейін кәсіпкерге бірнеше бап бойынша жаза қолданылып, 1,8 млн теңге айыппұл салынды.
Қанатбек Серікбаев, Жамбыл облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы:
Жерді қайта қалпына келтіру жөнінде бағытталған шаралар қабылдау қажет. Енді ол 3,7 га жерді бір күнде толтырып, тегістей алмайды. Оған уақыт беру керек. Заңда өзі 3 ай деп белгіленіп тұр. Мерзім беріледі. Яғни ол 3 айдың ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда алғаш рет Best of ESMO Kazakhstan 2026 халықаралық ғылыми конференциясы өтеді
20.05.2026, 09:43
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06