Абай облысында науқастарды қолдау орталығы ашылды
Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау орталығы ашылады. Мұнда науқастар мен олардың туыстары үшін құқықтық көмек көрсетіледі. Көп жағдайда өзі ауырып келген адам емхананың ішкі тәртібін білмегендіктен уақыт жоғалтады. Ем тиімді болуы үшін не қажет екенін білмеуі мүмкін. Сондай жағдайда орталық мамандары бағыт-бағдар береді. Жылына 40 мыңнан астам адам жүгінетін ауруханадағы орталық шағымдарды жедел шешіп, бөлімшелер арасындағы жұмысты үлестіруде өте қажет дейді дәрігерлер. Орталық облыс әкімі мен Денсаулық сақтау министірінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды.
Әділет Қамбарбаев, медициналық сапа бақылау бөлімінің меңгерушісі:
Жыл мезгіліне байланысты біздің ауруханамыздың қабылдау бөліміне шамамен күніне 200 адамдай жүгінеді. Мына біздің қабылдау бөлімінде, стационарлық емге жатқызылмаған, науқастардан шағым болуы мүмкін, сұрақтар болуы мүмкін. Соларға нақты жауап, кәсіби деңгейде түсіндіру өте маңызды деп білеміз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16