Қостанай облысында 62,5 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған
Қостанай облысында жыл басынан бері 62,5 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған. Бұған жерді жалға алғандардың оны тиісті мақсатта пайдаланбауы себеп. Мамандардың айтуынша, кәдеге жаратпаған телімдердің дені жайылым мен шабындық. Жалпы, өңірде ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланатын жердің көлемі 11 млн гектарға жуықтайды. Биыл соның бос жатқан 120 мың гектар аумағын мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.
Ғабдылқадым Мағзұмов, Қостанай облыстық а/ш басқармасы жер қатынастары бөлімінің басшысы:
Пайдаланылмаған жерге салық жиырма есе өседі. Бір жыл бойы олар салық төлейді, егер алқапты тиісті мақсатқа пайдаланбаса, сот арқылы жер мемлекет меншігіне өтеді. Сондықтан көбі өз еркімен бас тартады.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04