Таразда жас суретшілер мен мүсіншілер қолөнер көрмесін өткізді
Таразда жас суретшілер мен мүсіншілер қолөнер көрмесін өткізді. «Қоғамдық келісім» үйіне жиналған мектеп оқушылары өз туындыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнады.
Облыстық деңгейде өткен «Менің әлемім» бейнелеу және қолөнершілер көрмесіне аудандардан келген өрендер де атсалысты. Әсіресе қыздардың қыштан жасаған құмыралары көрмеге келгендерді тәнті етті. Ал суреттер галереясында барлық ұлт өкілдерінің қазақ даласына деген махаббатты көруге болады. Қылқалам шеберлері тау мен тасқа тіл бітіріп, өз сезімдерін суреттер арқылы сөйлеткен. Ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен ұлтаралық рухани диалог пен достықты дамытатын шара жаз айларында да жалғаспақ.
Арай Кеңшілік, мектеп оқушысы:
Бұл жұмыс табиғатты аялауға және қорғауға үндейді. Адамның ішкі сезімдерін оятуға арналған. Бұл жұмысты мен шамамен бір айда жасағанмын және осы көрмеге қойылып, марапатталғаным үшін өте қуаныштымын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04