Батыс Қазақстан облысында 4 вокзал күрделі жөндеуден өтеді
Батыс Қазақстан облысында 40 жылдан бері жөндеу көрмей, азып-тозып тұрған Орал теміржол вокзалын қайта жаңғырту басталды. Өңірде барлығы 4 вокзал күрделі жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, Орал, Ақсай қалалары мен Шыңғырлау, Тасқала аудандарындағы бекеттер жаңарады. Облыс орталығындағы стратегиялық нысан 1983 жылы салынған. Ғимарат шатыры тесіліп, қабырғасы жарылып тұр. Ал Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар стансасының 110 жылдық тарихы бар. Қайта жаңғырту аясында вокзалдардың іші-сырты, сәулеті заманауи талапқа сай жаңартылады. Айналасы абаттандырылады. Өңірде теміржол бойымен 14 пойыз жеті бағытта қызмет көрсетеді.
Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Орал теміржол вокзалын қарайтын болсақ, төменге түсіп, қайтадан перронға шыққанда қаншама қиындық бар. Ол жерден мүгедек түгілі, сау адам шыға алмайды. Сондықтан қазір реконструкцияның ішіне осы мәселенің барлығын енгіздік. Яғни, өткелдердің төбесі жабылады. Қыста қорықпаймыз. Екіншіден, реконструкция аясында лифтілер қойылады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05