Шерзат Полат ісі: 4 сотталушы бұрын істі болған
Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот отырысы басталды. Қозғалған қылмыстық іс бойынша 9 айыпталушы сот залына жеткізілді. Олардың біреуі кәмелетке толмаған жасөсіпірім. Бас сот отырысынан әріптесім Қуан Нұрақын жалғастырады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Белгілі болғандай, сотталушылардың 4-і бұрын істі болған. Кәмелетке толмаған жасөспірім Талғар ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы. Сотталушылар мен жәбірленушілердің адвокаттары келесі сот отырысын Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарауды сұрады немесе онлайн қатысуға рұқсат беруін өтінді. Сот төрағасы Ержан Жанұзақов бұл өтінішті қараудан бас тартты. Сот отырысында прокурор айыптау актісін толық оқып шықты.Айта кетсек, қылмыстық іс 62 томнан тұрады. 9 сотталушының екеуіне адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу бабы бойынша, қалғандарына бұзақылық және жасөспірімге қылмысты хабарламады деген айып тағылған.Еске салайын, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Қазір үзіліс жарияланды. Отырыс түстен кейін жалғасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00