Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгермек
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін. Жаңа ереже жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды. Енді бұл көмекке үміткер мемлекетке шығыс операцияларын, яғни банк шоты, банк алдындағы қарызы, микрокредиті, жинақ салымы мен депозиттегі қаражаты туралы мәліметтер ұсынуы тиіс. Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жоба 5-ші мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. Егер ол қабылданған жағдайда, жаңа тәртіп желтоқсанда күшіне енеді.
Куляннам Мұқатова, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:
Жылдың қорытындысы бойынша, 413 мың адамдай атаулы әлеуметтік көмек алды. Оған 40 млрд-тай ақша жұмсалды. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 214 мыңдай адам алуда, 40 мың отбасы.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00