Жамбылда Айша Бибі кесенесінің аумағы қоқыстан тазартылды
Жамбылда Айша Бибі кесенесінің аумағы қоқыстан тазартылды. Ал жастар тарихи кешеннің аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мекемесі ұйымдастырған экологиялық шараға аудан ардагерлері мен тарихшылар да тартылды. Музей-қорық ұжымы бұған дейін Қарахан кесенесінің аумағын абаттандырған еді. Енді бұл бағыттағы жұмыс Ақыртас, Түймекент қалашығы мен Тектұрмас тарихи ескерткіші аумағында жалғаспақ. Жалпы Жамбылда жыл басынан бері 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен тынымбақ аумағы тазартылды. «Жасыл белдеу» жоспары бойынша 190 мың түп ағаш отырғызу жоспарда.
Серік Сәлемов, облыс әкімінің орынбасары:
Жамбыл өңірінде 3500-ден аса тарихи-мәдени нысан бар. Сол нысандардың төңірегін тазалап, гүлзарларын дұрыстап әктеп, әрлеп тал-дарақтарды егу. Оның ішінде біз басымдықты мына жеміс ағаштарын егуге беріп отырмыз. Байлығымыз осы табиғат. Осы табиғатты болашақ ұрпаққа осы өз қалпында сақтап дамыта отырып, тастап кету.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16