Әлем экономикасының өсімі АҚШ саясатына тәуелді
Әлем экономикасының жағдайы төмендеп барады. Бұған негізінен АҚШ Президентінің импортқа салынатын баж салығын арттыруы, Ұлыбританияның мемлекеттік қарызының өсуі және жоғары инфляция жағдайында тұтынушылық сұраныстың төмендеуі себеп. Тұманды Альбионның ғана емес, жаһандық экономиканың да жағдайы мәз болмайын деп тұр. Халықаралық валюта қорының зерттеуіне сәйкес, егер АҚШ Президенті тарифтерді өзгеріссіз қалдырса, әлемдік экономиканың өсімі 2024 жылы 3,3%-дан 2025 жылы 2,8%-ға дейін төмендейді. Тек 2026 жылы сәл қалпына келуі мүмкін.
Пьер-Оливье Гуриншас, Халықаралық валюта қорының бас экономисі:
Бірнеше ай бұрын ғана АҚШ экономикасының қуаты мен тұрақтылығына таңданғанымыз рас. Қазір ол әлсіреп, белгісіздік артып отыр. Өсу қарқыны Еуроаймақта, Қытайда және жалпы бүкіл дүниежүзі бойынша төмендейді деген болжам бар.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13