Петропавлда 103 жасқа келген соғыс ардагері тұрады
Петропавл қаласында 103 жасқа келген соғыс ардагері тұрады.
Валентина Волкодав 19 жасында қан майданға аттанып, Берлинге дейін жеткен. Зейнеткер жеңіс күнін де сонда қарсы алғанын айтады. Шайқас даласында өмірлік жарын жолықтырып, соғыстан кейін отау құрған. 2 қыз тәрбиелеген. Қазір ардагер немересімен бірге тұрып жатыр.
Валентина Волкодав, соғыс ардагері:
Мен соғыстың не екенін білемін. Мектепті аяқтай сала өзім армандаған институтқа түспей, майданға аттандым. Жауынгер қатарына қабылдана сала паспортымызды тапсырып, әскери билет алдық.
Солтүстік Қазақстан облысында жеңістің 80 жылдығын 3 ардагер қарсы алмақ. Олардың бірі Фёдор Щеглов. Петропавлда құрылған 371-атқыштар дивизиясының жауынгері. Қарт майдангер биыл 98 жасқа толады.
Фёдор Щеглов, соғыс ардагері:
Соғыс басталғанда 15 жаста едім. Булаев қаласында тұрдық. Қараша айы әдеттегіден суық болды. Әкемді аязды күні соғысқа шығарып салғанымыз есімде. Одан кейін екі ағам майданға аттанды. Ешқайсысы оралмады. Кейінгі ұрпақ соғысты көрмесе екен деп тілеймін.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00