Ұлыбританияда тұрғын үй айналасындағы көлік қозғалысы қатаң бақыланады
Ұлыбританияда көліктің көппәтерлі аулада жылдамдықты асырмауы үшін жолды әдейілеп, тарылтып салады. Жаяу жүргінші жүретін тротуар мен бала ойнайтын аумаққа көлікке тіпті кіруге болмайды. Әйтпесе, айыппұл салынады. Аулада арнайы автотұрақ қарастырылған, көлік тек сол аумақта тұруы тиіс. Барлық жерде бақылау камералары орнатылған. Олар автокөлік нөмірін танып, жол ережесі бұзылған жағдайға жүргізушіге теңгемен 70 мыңнан бастап, 700 мыңға дейін айыппұл салынады. Тұрғындар жергілікті кеңеске шағым түсіріп, аула маңындағы қозғалысты шектеуді талап ете алады. Кеңес жаяу жүргінші аймағын кеңейту, кедергілер орнату, арнайы белгілер қою сияқты шешім қабылдауға құзіреті бар.
Ричард Фандерс, сарапшы:
Ұлыбританияда көптеген тұрғын үй кешені ауласында және мектеп маңында сағатына 32 километрмен жүруге рұқсат етілген. Шектеу кейде одан да төмен болады. Ол туралы арнайы жол белгілерінде көрсетілген және асфальт бетінде де жазылады. Сондай-ақ жерге жылдамдық бәсеңдеткіш жасанды кедергілер қойылады.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13