Атырауда Малайзия өкілдері білім саласын талқылады
Малайзия біздің елмен білім саласындағы ынтымақты арттыруға мүдделі. Бүгін Атырауда шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері инновациялық бағдарламаларын таныстырды. Оқуға түсу кезеңдері, гранттар мен шәкіртақы туралы да кеңінен түсіндірді. Былтыр қазақстандық мыңға жуық жас Малайзия университеттеріне қабылданып, студент атанған. Ал бүгінге дейін сол елде білімін шыңдаған түлектер саны 2000-ға жуықтады.
Раджа Фариз, «EMGS» ұйымының аймақтық менеджері:
Малайзия жоғары білім министрлігі екі жақты білім беру ынтымақтастығын дамытуға мүдделі. Біздің университеттер қос дипломдық бағдарламалар ұсынады. Бұл студенттерге Малайзия және серіктес елдердегі жоғары оқу орындарынан екі диплом алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың жаһандық білім алуына жол ашып, мәнсаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04