Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі «Эльба рухы» ескерткішіне гүл қойды
Батырлар рухына тағзым. ТМД елдерінің дипломаттары АҚШ-тың Арлингтон мемлекеттік зиратындағы «Эльба рухы» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. 1945 жылдың 25 сәуірінде кеңестік және америкалық сарбаздар Германиядағы Эльба өзені бойында кездескен. Бұл мемориал одақтас қарулы күштердің зұлымдыққа қарсы күш біріктіріп, күрескендігін айшықтайды. Бірақ гүл қою рәсімі осыдан үш жыл бұрын тоқтап қалған еді. Енді қайта жанданды. Шараға АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан елдерінің елшілері, қорғаныс саласының мамандары мен ардагерлер қатысты. Олардың қатарында 99 жастағы америкалық ардагер Фрэнк Кон да болды.
Ержан Ашықбаев, Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Біз Қазақстан елшілігі атынан Арлингтон ұлттық зиратында Америка құрама штаттары мен Кеңес одағы әскерлерінің Эльба өзені үстінде кездескеніне орай 80 жылдық іс-шараны атап өтуге қатыстық. Бұл – адамзаттың үлкен жеңісіне Қазақстанның да қосқан үлесі зор.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05