Жұмысшы мамандықтардың тізімі жаңарды
Елімізде шамамен 2 млн-нан аса жұмысшы маман бар. Биыл жұмысшы мамандықтар тізімі жаңарды. Яғни, бұл қатарға IT техник, 3D модельдеуші, монтаж маманы, видеооператор, дрон таспагері, жарық қоюшы, курьер, эко-маман, лаборант, флорист-дизайнер сынды жаңа заманауи мамандықтар енді. Бұл жаңашылдықтар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін аса қажет. Мәселен әріптесіміз, таспагер Жанболат Қобдабай видеооператор қызметі жұмысшы мамандықтар қатарына қосылғалы салада серпін пайда болды дейді. Ал тапсырыс жеткізуші Диас бұл өзгерістер курьерлердің құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын оңалтарынан үмітті.
Жанболат Қобдабай, видеооператор:
Операторлық – көзге көп көріне бермейтін жұмыстың бірі және оның өзінің де бір салмағы бар, қиыншылығы бар. Биылғы «жұмысшы мамандықтар» қатарына енгеніне қуаныштымын. Бұрындары біз ешқандай санатқа жатпайтынбыз. Қазір осы «жұмысшы мамандығы» бойынша мәртебемізді белгілеп бергендей болып тұр. Бұл тізімге енгеніміз – жас отбасыларға үй алуға және басқа да мүмкіншіліктер береді.
Диас Нұрмағанбетов, курьер:
Біздің жұмыстың қиындығы көп. Сырт көзге оңай болып көрінуі мүмкін: затты алып, оны жеткізсең болғаны деп ойлайды. Аязда, аптап ыстықта, көктем мен күздегі лай-балшықта жұмыс істейміз. Жол қозғалысы кезінде де жиі қиындықтар туындайды. Жұмысшылар тізіміне енгеніміз туралы алғаш естуім. Әрине мемлекет тарапынан осындай бағдарламалар қарастырылып жатқаны жақсы ғой. Себебі, бізде көбінің баспанасы жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады және әлеуметтік жағынан қорғалатын болсақ, табысымыз да едәуір жақсарып жатса, мен мұндай өзгерістерге тек қуаныштымын.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00