Екібастұзда электрометаллургиялық зауыт құрылысы басталды
Екібастұзда электрометаллургиялық зауыттың құрылысы басталады. Бұл өңірдегі өндірістің өркен жаюына серпін беретін бірегей жоба. Зауыттың алғашқы капсуласын салу рәсіміне Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты. Жаңа зауыт 2028 жылы іске қосылады. Онда жылына 1 млн тоннаға дейін болат өндіріледі. Алдағы үш жылда кәсіпорынға 500 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылмақ. Бұл Екібастұзды моноқаладан экономикасы тұрақты дамыған қала дәрежесіне көтереді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Жалпы 125 млрд тенге инвестиция құйылды, 600 жаңа жұмыс орны құрылып, ең бастысы бұл жұмыс орындары жоғарғы жалақымен қамтылған. Сондықтан бұл зауыттың өндірісінің көлемінің жоқ дегенде 85-90 пайызы экспортқа кететін заттар болып шығады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04