СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасы айыппұл арқалады
Солтүстік Қазақстан облысында бөгетті нығайтуға көмектескен баланың ата-анасы 200 мың теңге айыппұл арқалады. 10 жастағы Дастан Мырзабай Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында тұрады. Жасөспірім әскерилерге квадроциклмен құм салған қаптарды тасуға көмектескен. Мектеп оқушысының жұмыс істеп жүрген сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, Дастан көптің алғысына бөленген еді.
Әлібек Ғабдуллин, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
Мұндай әрекет бірінші кезекте жасөспірімнің өміріне қауіп төндіреді. Оның көмектескісі келгенін түсінеміз, әрине. Алайда бөгетте арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Біз қауіпті аймаққа балаларға баруға тыйым салғанбыз. Оның әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мақсатымыз - жазалау емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00