Испанияда қазақ мәдениеті таныстырылды
Испанияда қазақ мәдениеті таныстырылды. Гранада қаласында «Ұлы Жібек жолы» деген атпен ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті. Шараны Испаниядағы қазақтардың «Мөлдір Үміт» қауымдастығы ұйымдастырған. Қазақстандық дизайнерлер еуропалықтарға заманауи үлгідегі үздік топтамаларын ұсынды. Көпшілік көздің жауын алатын ұлттық киімдердің көркіне тәнті болды. Мерекелік кеш концертке ұласып, одан соң меймандар ұлттық тағамдардан дәм татты. Ал қазақстандық делегация өкілдері дүниежүзілік әйелдер форумына қатысып, жеке кәсіпті жүргізу, әйелдердің қоғамдағы рөлі бойынша пікір алмасты. Әрі жаһан әйелдерімен ынтымақты арттыруға уағдаласты.
Үміт Дауленова, «Мөлдір үміт» қауымдастығының президенті:
Біздің іс шарамыздың мақсаты - испандықтар мен еуропалықтарды Қазақстанға қызықтыру, туризмді күшейту мақсатында жасалып жатыр. Қазақстанымыздың мәдениетін, қолөнерін, нақышты қазақи киімін көрсетудің арқасында оларға қазақтың бай мәдениеті мен байтақ елін таныстырдық.
Жусайма Моайд Перегрина, ғалым, профессор:
Мен жартылай испандық, жартылай сириялықпын. Түрлі мәдениетті тоғыстыру, көпір құрудың қаншалықты маңызды екенін білемін. Бүгін бай мәдениеттеріңізге куә болдық. Сән көрсетілімі ғажап. Осындай шаралар ұлттардың, елдердің ынтымағын арттырары сөзсіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04