Алматыда жаяу жүргіншіге жол бермеген автобус жүргізушісіне айыппұл салынған
Алматыда 7 жастағы баланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық Кодекстің 345 -бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал сол сәтте баланың алдын кесіп өткен, жолаушылар автобусының жүргізушісіне хаттама толтырылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіште, яғни 40 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, жан түршігерлік оқиға осыдан шамамен бір ай бұрын Алатау ауданында болған еді. 7 жасар бала жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтпек болған кезде жүк көлігінің астына түсті.
Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Жүк көлігінің жүргізушісі бірден қамауға алынды. Автобус жүргізушісіне қатысты Әкімшілік кодекстің 600- бабына сәйкес хаттама толтырылды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04