Қазақстан мен Вьетнам қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның мемлекеттік сапары аясында қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгпен келіссөздер жүргізді.
«Генерал-полковник Р. Жақсылықов вьетнамдық әріптесін көрнекті қайраткер Хо Ши Миннің туғанына 135 жыл толуымен құттықтады. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде тараптар бітімгерлік, әскери білім беру және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл сияқты перспективалы бағыттарды атап өтті. Армия генералы Фан Ван Зянг Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен танысуға қызығушылық танытып, биылғы жылы вьетнамдық мамандардың біздің елге жоспарланған сапары туралы хабарлады», - делінген хабарламада.
Қазақстан Қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгты Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге шақырды. Сапар барысында Вьетнам делегациясы КСРО заманының көрнекті әскери қайраткері генерал-лейтенант Жансен Кереевке арналған экспозициямен танысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03