Павлодарда «Ерлік пен естелік» кітабы жарық көрді
II дүниежүзілік соғысқа Павлодар өңірінен қатысқан 30-дан астам азамат Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды. Солардың ішінде Серікбай Мүткеновтің есімі ерекше аталады. Ол небары 23 жасында ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыс жылдарында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылында бала оқытып жүрген жас мұғалім майданға өз еркімен сұранып барған. Аға сержант атағы беріледі. Соғыста болған екі жыл ішінде талай мәрте ерлік жасайды. Алайда даңқты жерлесімізге жоғары атақ берілмей, шегеріле береді. Қазақтың қайсар азаматының бұдан кейінгі жауынгерлік жолы өзін-өзі дәлелдеуге арналады. Бұл жөнінде Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Ерлік пен естелік» атты кітапта тың мәліметтер бар.
Абзал Рымбек, кітап авторы:
Ол 1943 жылдың 28 қазанында Днепр бойында ең алғашқы ерлігін жасаған болатын. Сол ерлігі үшін ол Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Одан 1944 жылдың қаңтар айында Ризино ауылының тұсында екінші ерлігін жасады. Бірақ 1944 жылы 15 қаңтарда ерлікпен қаза тапты. Ал ұсынылған атағы 1944 жылдың ақпан айында ғана берілген болатын.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03