Ертең «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталады
Ертең Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталады. Бесінші рет өтетін жорыққа Оңтүстік Африка, Қырғызстан, Мажарстан, Иран, Ресей, Татарстан, Башқұртстан Республикаларынан және еліміздің 13 өңірінен командалар бақ сынайды. Жарыс 5 күнге созылады. Әр күнгі кезеңнің ұзақтығы – 100, ал жалпы қашықтық – 500 шақырым. Әр 50 шақырым сайын қатысушылар үшін арнайы тынығу және демалыс орындары қарастырылған. Ашылу салтанатында арнайы сахна мен этноауыл бой көтеріп, 12 қанаттық 5 қазақ үй тігіледі. Бұл киіз үйлерде Алтын адам музейі, театр қойылымдары, қолөнер шеберлерінің бұйымдары және туристік көрмелер ұсынылады.
Бақытжан Тұрлыбеков, «Joryq» республикалық ат спорты қауымдастығының президенті:
Биылғы жорықтың ерекшелігі бір облыстың деңгейінде, бір облыстың шеңберінде өтеді. Мәселен, 10-ы күні Іле ауданынан шықсақ, Балқаш, Жамбыл аудандарын айналып, қайтадан 5 күннен кейін Қонаев қаласына келетін боламыз. Жүлде қоры 1-ші орын 100 мың, 2-ші орын 60 мың, 3-ші орын 40 мың доллар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00