Алакөлде жағаны бекіту жұмыстары басталады
Алакөлде 13,5 шақырымға созылатын жағалауды бекіту жұмыстары басталады. Жыл сайын көл суы жағалауды шайып, Ақши мен Көктұма ауылдарына қауіп төндіріп келеді. Жобаның жалпы құны — 19,1 млрд теңге. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылмақ.
Санжар Қабдыбек, Жетісу облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Қазір конкурстық процедуралар өтіп жатыр. Мамырдың 20-сына дейін нәтижесін алуды жоспарлап отырмыз.
Бекіту жұмыстарына байланысты 70-тен астам демалыс орны сүріледі. Жер телімдері мемлекет мұқтажына алынса да, материалдық шығын өтелмейді.
Мәулен Төлеужанов, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары:
74 жер телімі бекіту аймағына түсіп отыр. Жер иелеріне басқа аумақтан учаске беріледі. Бірақ өтемақы қарастырылмаған.
Жобаның аясында жағалауға арбат, ойын-сауық алаңы және сауда нысандары салу жоспарланған.
Дамир Нұрмұхамед
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05