Түркістан облысында су айдындарында 21 қайғылы оқиға тіркелді
Түркістан облысында жыл басынан бері су айдындарында 21 қайғылы оқиға тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Мәліметке сәйкес, суға кеткендердің арасында көлікпен бірге каналға құлап, мерт болған 5 адам бар. Сонымен қатар, Өзбекстанмен шекаралас каналдар арқылы ағып келген екі адамның мәйіті анықталған. Белгісіз жағдайларда су қоймасы, жасанды көлшік пен каналдардан тағы үш адамның денесі табылды. Қайғылы жағдайлардың бірқатары балалардың қатысуымен болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған 6 бүлдіршін суға құлап, көз жұмған.
Айта кетейік, 2024 жылы өңірде 60 адам суға батып қайтыс болған. Оның 31-і — кәмелетке толмағандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05