Вице-министр: Елімізде шұғыл медицинаның мүмкіндігі 3 есе жоғары
«Елімізде 10 мың адамға 1 жедел-жәрдем көлігінен келеді. Халықаралық стандарт бойынша 30 мың адамға 1 бригада қызмет етеді. Яғни біздегі шұғыл медицинаның мүмкіндігі 3 есе жоғары». Денсаулық сақтау вице-министрі бүгін Астанада өткен шұғыл медициналық көмек туралы халықаралық конференцияда осылай деді. Жиынға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Үндістан елдерінен келген сала мамандары мен сарапшылар қатысып жатыр. Науқастарды диагностикалау, емдеу, инновациялық және цифрлық шешімдер енгізу, шұғыл көмектің сапасын арттыру сынды бағыттар бойынша тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Конференция 2 күнге созылады.
Тимур Мұратов, Денсаулық сақтау вице-министрі:
Біздің елімізде жедел-жәрдемнің қызметін тұтыну көп дамыған елдерге қарағанда 3-4 есе көп. Жалпы жедел-жәрдемнің негізгі қызметі – адамның өміріне қауіп төнген кезде келу. Бұл травма, инсульт, инфаркт және басқа да хирургиялық жарақаттар, сондай жағдайда тез келіп көмек жасау керек.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00