Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады
Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады.
Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтанұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды. Тәуелсіздік жылдарындағы қызметін, министрлік, дипломатиялық және Парламенттегі еңбегіне де тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын.
Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам қайраткері:
Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы сіз менің кішкентай ғана еңбегімді өте жоғары бағалап, мені өрлетіп, көтеріп тастадыңыз. Кешелі бері мені, менің әулетімді қуантып, ерекше бақыт сезіміне бөлегеніңізге шексіз алғысымды айтамын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00