Жамбыл облысындағы диқандардың су мәселесі шешілді
Жамбыл облысында суару маусымы басталғалы диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді. «Биыл шаруалар 44 млн текше метр су алды»,-деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері.
Бүгінде өңірдегі 13 мың гектар егіс алқабы суарылған. Күннің күрт ысуына байланысты аймақта суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Биыл жауын-шашын болмағандықтан, суға деген сұраныс өткен жылға қарағанда екі есеге артқан. «Қазсушар» мекемесі шарт жасасқан шаруаларды қажетті сумен қамтамасыз етіп жатыр. Келісімшарт талаптары толық орындалып, диқандар су көлеміне дән риза.
Әбдібек Шымырбаев, Қызылшарық аулының тұрғыны:
13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол. Су бойынша тек қана келісімшартқа отыру керек, ақшасын төлеу керек. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар ғой. Жоңышқамыз бар, екі рет, үш рет орамыз, әр суғарған сайын бір орамыз. Гектарына 150-170-тен орам шөп аламыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06