Қостанай облысында патриоттық акция өтіп жатыр
Қостанай облысының Арқалық қаласында патриоттық акция өтіп жатыр. Кеше Үкімет басшысы Олжас Бектенов шағын шаһарға сапары барысында, «Орталық-Батыс» дәлізінің құрылысын бір айдың ішінде бастауды тапсырған. Ақжолтай хабарды зор қуанышпен қабылдаған жергілікті халық тойлап жатыр.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Иә, жақсы жаңалықты естіген жұртшылық бөркін аспанға атып тойлап жатыр десек артық емес. Патриоттық акцияға 250-ге жуық студент жиналды. Жаңа жол жаңа мүмкіндік деп ұрандатып жүр. Қазір қасымда Данияр Қожахметов Арқалық қаласының жастар орталығының директоры тұр.
Қазір шеруден соң Мемлекет басшысының Құрылтайда сөйлеген сөзі көрсетіледі. Кейін сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, соңы биге ұласпақ. Мерекелік концертті көруге тұрғындар жиналып жатыр. Жалпы бұл жаңалық Торғай өңірінің рухын бір серпілткен жаңалық болды.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08
Астанада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі басталды
29.07.2026, 13:07