Арқалық әуежайы жол қатынасын жеңілдетеді
Президент тапсырған орталық пен батысты жалғайтын дәліз Арқалық әуежайы іске қосылса, өзге өңірден келген студенттерге де қатынас жеңілдемек. Бүгінде олар барып-қайтуға 4 күндей уақыт жұмсаса, енді бірнеше сағатта діттеген жерлеріне жете алады.
Гауһар Сәбиева, студент:
Уақыт бізде ұзақ болатын. Мысалы мен Ақтау қаласына бару үшін 4 күн кетеді, ал егер жол жақсарса көлікпен 7 сағатта, ал ұшақпен әуежайда 1 сағатта Астанада боламыз. Бұрын Арқалық қаласынан пойызбен бару үшін 12 сағатымыз кететін. Бұл студенттер үшін өте жақсы бастама.
Ботабай Шайымов, Арқалық қаласының тұрғыны:
Ең басты жаңалық әуежай іске асайын деп жатыр. Жақсы ұшақтар, жол қатынастары жүзеге асайын деп жатыр. «Орталық-батыс» келесі жылға дегенде көңіл күйіміздің түскені рас, ал енді Премьер министр бір айдың көлемінде басталады деді. Бұл өте қуаныш.
Қаламқас Зейде, Арқалық қаласының тұрғыны:
Арқалықта 1995 жылдан бері тұрамын. Арқалығымыздың осындай жақсарып жатқанына өте қуаныштымын. Біздің енді бар қуанышымыз жол мен әуежай салынбақшы. Өте енді қарап тұрсаң, мегеполис болады ғой Арқалық өңірі. Торғай тарихи жер ғой.
Ләйла Қалмағамбетова, Арқалық қаласының тұрғыны:
Жолға да қуанамыз, қуанып жатырмыз. Екі зауыт салынады дейді, жол салынады дейді. Ол жолмен Астанаға біз 3-ақ сағатта баратын көрінеміз. Алдағы ұрпақтың заманы жақсы бола берсін.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05